Қазақстан Республикасы қарулы күштері қызметкерлерімен кездесу » "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Аралтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Аралтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 45-1-46
Есепші бөлімі:
+7(72840) 45-1-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2022

Қазақстан Республикасы қарулы күштері қызметкерлерімен кездесу

🔰"Алматы облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аралтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

🔰Отан қорғаушылар күнінің 30 жылдық мерей тойы және Ұты Отан соғысындағы жеңістің 77 жылдығына арналған іс-шара жоспары негізінде "Егеменді елімнің патриотымын" атты ерлік сабағы ұйымдастырылды.

🔰Оқушылардың бойында патриоттық сезімді дамыту мақсатындағы іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қызметкерлері шақырылды.

🔰Жаңа Қазақстанды қалыптастыру бағытында оқушыларға өзіндік тәлім-тәрбие беруге атласысқан тұлғалар;
-Аралтөбе орта мектебінің 1995 жылғы түлегі, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері, Әуе Қорғаныс күштеріне қарасты әскери бөлім командирінің орынбасары полковник Өмірбеков Бауыржан Молдрахымұлы.
-Аралтөбе орта мектебінің 1995 жылғы түлегі, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Тұңғыш Қорғаныс министрі, халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, армия генералы, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының оқытушысы майор Сартанов Ардақ Амангелдіұлы.

🔰Сонымен қатар, іс-шараға құрметті қонақ ретінде оқушыларға саналы ғұмырынан тәрбие беру мақсатында ауылға еңбегі сіңген тыл ардагері Төлебаев Кашкебай, зейнеткер ұстаз Рысхан Нұрымжанқызы және ауған соғысы ардагерлері шақырылды.

Оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттері дамыған және ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімді қалыптастыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында өткен кездесуге сүбелі үлесін қосқан Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қызметкерлеріне білімі мен біліктіліктері үшін алғыс білдіреміз.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 77 жылдығына және Отан қорғаушылар күнінің 30 жылдығына арналған ерлік сабағынан оқушылардың алған әсері орасан зор болды. Полковник Өмірбеков Бауыржан Молдрахымұлы және Сартанов Ардақ Амангелдіұлына  амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Сіздерден үлгі алар ұрпақ сіздердей Отанға адал, елге қайырымды болсын.













 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив